Соңғы бес жылда кредиттік карталардың саны екі есе өскен

1121

2019 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіш бойынша, карталарға деген сұраныс 32 миллионға жеткен.

Соңғы бес жылда кредиттік карталардың саны екі есе өскен

Соңғы бес жылда кредиттік карталардың саны екі есе өскен. Ranking.kz басылымының дерегі бойынша, 5,3 миллионға жеткен. 

Төлем карталарының нарығы – Қазақстан қаржы инфрақұрылымының қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Қазіргі таңда төлем карталарымен интернет және мобильді банкинг арқылы операцияларды іске асыратындардың қатары көбейіп келеді. 2019 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіш бойынша, карталарға деген сұраныс 32 миллионға жеткен: бір жыл ішінде 37%-ға өсіп отыр. 

Дебеттік карталармен қатар кредиттік карта қолданушыларының қатары артуда. 2019 жылы елімізде 5,3 миллион кредиттік карта тіркеліпті: 2018 жылғы көрсеткіштен 11,7%-ға көп. Мұндай тенденция 2016 жылдан бері жалғасып келеді. Сол уақыттан бергі бір жылғы өсім көрсеткіші жылына орташа есеппен 24,3%-ды құрап отыр. 

Дегенмен мұндай карталарды экономикалық тұрғыда белсенді тұрғындардың қолдануы өте төмен деңгейде. 2019 жылдың соңында Қазақстанда экономикалық белсенді тұрғындардың саны 9,2 миллионға жеткен: әр адамның 0,6 кредитік картасы бар екен.  

Төлем карталары санының өсуі қолма-қол ақшасыз төлемдердің көбеюіне себеп болып отыр. 2019 жылдың қаңтар және желтоқсан айлары аралығында қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі 13,3 трлн теңгеге жеткен: бір жылда көрсеткіш 2,4 есе көбейген. 

2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің 9,7 трлн теңгесі интернет және мобильді телефондарға тиесілі: 2018 жылдағы көрсеткіштен 3,4 есе көбейген. Ал POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақшасыз жүргізілген төлемдердің көлемі 3,5 трлн теңге болды. Бұл барлық қаражаттың 26% құрайды. Бір жыл ішінде төлем көлемі 47,4%-ға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу