Соңғы бес жылда мал ұрлығы 42%-ға азайды

736

Батыс Қазақстан облысында 170 бас іріқараны қолды еткен қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті басшысы Думан Таев мәлім етті.  

Соңғы бес жылда мал ұрлығы 42%-ға азайды

"Түркістан облысының полиция қызметкерлері үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Бұл қылмыстық топ Кентау ауданында 19 рет мал ұрлағаны дәлелденіп отыр. Сондай-ақ, сәуір айында Батыс Қазақстан облысында 54 мал ұрлығына қатысы болған қылмыстық топ әшкереленді. Олар 170 бас іріқара малды жымқырған. Жалпы соңғы бес жылда мал ұрлау 42%-ға азайған. Мәселен 2015 жылы 8 мың рет мал ұрланса, 2019 жылы 4,5 мың осындай қылмыс жасалды. Қолды болған жануарлар саны 38%-ға азайды. Яғни 25 мыңнан 16 мыңға дейін төмендеді. Биылғы жылдың 10 айында мал ұрлығы 41%-ға азайды. Бұған елдегі карантин шаралары әсер еткені сөзсіз", – деді криминалдық полиция департаменті басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу