Жыл басынан бері елімізде өрт салдарынан 14 бала уланып көз жұмды және тағы 3 бала суға кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Кейінгі бес жылда ел аумағында өрт, иіс тиіп уланудан және суға кету салдарынан 776 бала қайтыс болды. Тек 2022 жылы өрттен әрі иіс тиюден 38 бала көз жұмып, 77 бала суға батып кетті", - деді Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.
Оның айтуынша, биыл өрт пен иіс тиіп уланудан 14 бала көз жұмды, ал 3 бала суға кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу