Соңғы бір жылда ақтөбеліктер VIP-нөмірлерге 267 миллион теңге жұмсаған

407

Автокөлік иелерінің арасында әлі де "777", "077" секілді сандар үлкен сұранысқа ие.  

Соңғы бір жылда ақтөбеліктер VIP-нөмірлерге 267 миллион теңге жұмсаған Фото: ХҚКО баспасөз қызметі

2023 жылы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жоғары сұранысқа ие 934 мемлекеттік тіркеу нөмірін берген. Әсіресе, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері өте жылдам сатылды. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті құрады.  (210 444 теңге).

VIP-нөмірлердің ішінде әріптері бірдейлері өте қымбатқа бағаланады.  001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777-мен басталып, соңғы үш әрпі де бірдей болса, 1 052 220 теңге төлеуге әзір болу керек. Елімізде VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген еді. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.

 Жалпы, 2023 жылы Ақтөбе облысы бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 178 мыңнан астам көлік тіркеліп, 70 888 жүргізуші куәлігі берілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу