2022 жылы азық-түлік инфляциясының жоғары болуы кафелердегі, мейрамханалардағы және басқа да қоғамдық тамақтану орындарындағы бағаларға айтарлықтай әсер етті, деп хабарлайды energyprom.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен жылдың желтоқсан айында 2021 жылдың соңғы айымен салыстырғанда азық-түлік бағасының индексі 125,3%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне баға индексі 125,2%-ды құрады. Ұзақ мерзімді динамикаға қарағанда, бұл соңғы бес жылдағы ең жоғары баға.
Алайда, соңғы бес жылдағы тамақ бағасының индекстері мен азық-түлік инфляциясының көрсеткіштерін салыстырар болсақ, онда бұл екі көрсеткіш әрқашан бірдей мәндерге ие бола бермейді.
Бір қызығы, қоғамдық тамақтану экономикалық сегментінде, атап айтқанда, асханалардағы түскі ас пен фастфудтың бағасы ең көп өсті: тиісінше 27,9% және 20,9%. Соңғы бір жылда мейрамханадағы кешкі ас 20,2%-ға қымбаттады.