Соңғы екі тәулікте Жайық өзенінің көтерілуі байқалған жоқ

241

Тәулік ішінде су деңгейі 1 см түсті, қазіргі деңгейі 8 м 63 см. 

Соңғы екі тәулікте Жайық өзенінің көтерілуі байқалған жоқ Фото: @KZgovernment

Бұл әлі де болса Жайық өзенінің қауіпті деңгейінен 13 см биік көрсеткіш. Сол себепті облыс бойынша су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Батыс қазақстан облысының 8 ауданында жағдай тұрақталса, 4 аудан және Орал қаласында қауіптің беті әлі сейілген жоқ. Жайықтың жағасын нығайту, биіктету, дамбылар салу, қапшықтар төсеу жұмыстары жалғасып жатыр. 27 адам эвакуацияланды, оның жетеуі бала. Жалпы, өңірде 13 979 адам эвакуацияланды, оның 2441 эвапункте орналасқан. Облыста еріген қар суынан келетін қауіп жоқ", - деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу