Соңғы екі жылда заңға балалардың құқығына қатысты 83 түзету енгізілді

866

Егемендік жылдары елімізде бала болашағына қатысты барлық халықаралық құжаттар ратификацияланды.

Соңғы екі жылда заңға балалардың құқығына қатысты 83 түзету енгізілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Бақытты бала – бақытты ел" тақырыбында өткен брифингте Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"1-маусым ерекше мереке. Тәуелсіздік алғалы 30 жылы ішінде Қазақстан балалардың құқығын қорғауға байланысты халықаралық құжаттардың барлығын ратификациялады. Солардың ішінде Балалардың құқығы туралы конвенция бар. Сонымен қатар соңғы екі жылда заңға 83 түзету енгізілді. Оның барлығы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне байланысты", – деді Есенғазы Иманғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу