Соңғы екі жылда Жайықтың суы шамамен 2,5 есе азайған

595

Сондықтан үш жыл бұрын басталған Жайық пен Қиғаш өзендерін тереңдету жұмыстары әлі де жалғасады.  

Соңғы екі жылда Жайықтың суы шамамен 2,5 есе азайған

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі ең үлкен экологиялық мәселелердің бірі – Жайық өзенін сақтап қалу және тиімді пайдалану екенін жеткізді. 

"Көп жылғы бақылау нәтижесінде Жайықтағы судың орташа жылдық көлемі 9,5 млрд текше метр болса, соңғы екі жылда ол 3, 5 млрд текше метрге дейін төмендегенін байқадық. Бұл мақсатта 2017 жылдан бері Жайық пен Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп келеді. Олардың жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асады", – деді облыс басшысы.

Еске сала кетсек, Жайық пен Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы мақсатқа 7,1 млрд теңгеден аса сома бағытталған. Тереңдетілетін аумақтың жалпы ұзындығы 214 шақырымды құрайды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу