Соңғы күндері Алматы жолдарында 800-ден астам заңбұзушылық анықталды

917

Алматы қаласында "Қауіпсіз жол" іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Соңғы күндері Алматы жолдарында 800-ден астам заңбұзушылық анықталды

Тәртіп сақшалары апаттық жағдайды азайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол қозғалысы қатысушылары арасында қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауға, тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстар мен басқа да заңсыз әрекеттерді уақтылы алдын алу мен жолын кесуге ерекше назар аударуда. 

"Ең көп кездесетін заңбұзушылықтар: мас күйінде көлік құралын басқару – 13, көлік құралын жүргізу құқығынсыз оның басқару – 8, көлік құралын басқару құқығынан айырылған болса да көлік құралын басқару – 2, жалған МТНБ салынған көлікті басқару – 8, қарсы қозғалыс жолағына шығып кету – 15, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кету – 15, апаттық жағдай жасау – 48, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды қолдану – 141, қауіпсіздік белдігін тақпау – 162, маневр жасау ережелерін бұзу – 128, сонымен қатар 154 жаяу жүргіншілер жасаған құқық бұзушылықтар" , – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров. 

Қадағалау функцияларынан басқа, жергілікті полиция қызметі мен Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу