Соңғы күшімен 102-ге хабарласқан әйел құтқарылды

432

Дәл уақытында үлгерді: Шымкент полицейлері анасы мен баласын құтқарып қалды. 

Соңғы күшімен 102-ге хабарласқан әйел құтқарылды Фото: Polisia.kz

3 жасар ұлымен үйінде қалған қала тұрғыны газдан улану белгілерін сезінген. Үйінен шығуға әлі жетпеген әйел соңғы күшімен 102-ге хабарласады.

Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің инспекторлары Талғат Ибраев пен Медет Тұрлыбеков жетті. Жедел жәрдем бригадасы да келген.

Тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері терезені сындырып, баланы сол жерден шығарып алады. Әрі қарай есікті ашып, анасын да дер кезінде сыртқа  алып шығады.

Екеуіне де медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

- Қажет болған кезде адамдарға көмектесуге асығу міндетіміз, - дейді полиция қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу