Әсіресе, "Бәрі жақсы болады" деп адамдарды соңғы секундқа дейін сабырға шақырып, еш саспастан қауіпсіздік ережелерін түсіндірген бортсерік Хокума Әлиеваның ерлігін айтып жатыр.
Сөздеріне сенсек, оның бұл әрекеті ондаған адамның өмірін сақтап қалған. Бірақ өзі апатта ажал құшты.
Хокума Әлиеваның негізгі мамандығы заңгер болған. 2016 жылдан бері стюардесса болып жұмыс істеген.
Ата-анасының айтуынша, қыздары осы сапарды аяқтаған соң, стюардесса қызметінен заңгер мамандығына ауысуды жоспарлаған екен.
Жуырда тұрмысқа шыққан, бала сүйіп үлгермепті.
– Қызым – 33 жаста. Оның AZAL компаниясында жұмыс істегеніне биыл 9 жыл болған. Өте ауыр жағдай. Аман қалғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін, – деді әкесі Джалил Алиев.