Соңғы сапар: Ақтөбеде оқушылар мінген джип аударылды

1720

​Ақтөбеде оқушылар мінген джип аударылып, бір жасөспірім қайтыс болды.

Соңғы сапар: Ақтөбеде оқушылар мінген джип аударылды Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сұмдық көлік апаты Шалқар ауданында болған. Көлікті кәмелеттік жасқа толмаған оқушы басқарған.

Алған ауыр жарақатынан бір оқушы апат болған жерде жан тапсырған. 16 жастағы оқушы қыздың жағдайы - ауыр. Бас сүйегі сынып, комада.

"Шалқар аудандық ауруханасына 4 бала жеткізілді. 2007 жылы туған қыз бала ес-түссіз, 3 дәрежедегі кома күйінде келді. Жабық бас-ми жарақатын алған, миына қан құйылған. Жағдайы -ауыр", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Көлікте болған 15 жастағы екі ер бала жамбас, жіліншік сүйектері сынып, облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Тағы бір оқушы амбулаториялық ем алған.

Шалқар аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Нариман Мұхтаров ата-аналарға балаға көлікті басқаруға бермеуді ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу