Соңғы тәулікте елордада 68 жол-көлік оқиғасы тіркелді

767

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда абай болу керектігін ескертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Соңғы тәулікте елордада 68 жол-көлік оқиғасы тіркелді

"Биылғы жылдың 11 қазанында ауа-райының нашарлауы, қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуі және көктайғақ болуы күтілуде, бұл тиісінше тежеу жолының ұлғаюына әкеп соғады", – деп жазылған ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне "өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды, өте мұқият болуды және қозғалыс кезінде жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтауды" ұсынады.

"Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше назар аудару қажет", – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы тәулікте ғана елордада 68 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, зардап шеккен бір адам ауруханаға жатқызылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу