Соңғы төрт айда 900 ескірткі қылмысы анықталды

956

Сондай-ақ жыл басынан бері 2 тоннадан астам есірткі тәркіленген.

Соңғы төрт айда 900 ескірткі қылмысы анықталды

Бұл туралыҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұртай Әбілмәжінов мәлімдеді.

"Жыл басынан бастап 900 есірткі қылмысы, оның ішінде 660 сату және 155 есірткіні ірі мөлшерде сақтау фактілері анықталды. 2 тонна 144 келі әртүрлі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 10 келі героин, 1 тонна 700 келі марихуана, 380 келі гашиш, 2,5 келі синтетикалық есірткі алынды", – деді Нұртай Әбілмәжінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол үш ұйымдасқан қылмыстық топтың таратылғанын жеткізді.

"Ұйымдасқан қылмыстық топтардың басшылары мен мүшелеріне қатысты есірткі тасымалын ұйымдастырғаны үшін 6 қылмыстық іс қозғалды. 54 есірткі контрабандасы анықталды", – деді Нұртай Әбілмәжінов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу