Соңғы төрт айда мемлекеттік органдардың 15 басшысы ұсталды

852

Соңғы төрт айда мемлекеттік органдардың 15 басшысы ұсталды

ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюроның Астана қаласы бойынша департаменті үлкен басшылардың ұсталғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент басшысы Шыңғыс Қабдоланың айтуынша, соңғы төрт айдың ішінде қала бойынша 4 млрд теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Барлық ақша бюджетке қайтарылды.

"Қазір 32 адам жауапқа тартылып отыр. Олардың ішінде 15 тұлға - мемлекеттік органдардың бірінші басшылары. Бесеуі республикалық мекемені басқарған. Бұл тек Астана бойынша ғана. Бұның барлығын бұқаралық ақпарат құралдарында да көрсетіп жатыр. Бүгін ғана квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін үлкен басшылар ұсталды. Мен осы жерге келердің алдында білдім. Ол басшылар ірі көлемде пара алған. Бір-екі күннің ішінде оны да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды деп ойлаймын", - деді Шыңғыс Қабдолла Астанада өткен жиында.

Айта кетейік, бүгін ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінде жемқорлық мәселелері талқыланды. Шара барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мамандары комитет қызметкерлеріне осы саладағы тәртіп бұзушылықтар туралы айтып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу