Соңғы төрт айда жолаушы тасымалы күрт азайды

809

25 мамырдағы жағдай бойынша сатылған теміржол билеттерінің саны 217 мыңға жеткен.

Соңғы төрт айда жолаушы тасымалы күрт азайды

2020 жылдың қаңтар және сәуір айларында елімізде 5 миллион адам жол жүрген. Бұл туралы Ramking.kz басылымы хабарлады. Бір жылда бұл көрсеткіш 27,9%-ға қысқарған. 

Сәуір айында 204,1 мың, наурызда 1,26 миллион жолаушы тасымалданған. Яғни бір ай ішінде көрсеткіш шамамен алты есе азайған. 

Жолаушы айналымы соңғы төрт айда 3,75 млрд жолаушы шақырымына дейін төмендеді. Жылдық қысқаруы – 32,4%. Сәуірде жолаушы айналымы 162,7 млн жолаушы шақырымы, наурызда 946,5 млн жолаушы шақырымы болды. Яғни бір айда көрсеткіш 5,8 есе кеміген. 

Биыл темір жол арқылы 130,6 млн тонна жүк тасымалданған. Бір жылдық өсімі 3,1%. Сәуірде 33,65 млн тонна, наурызда 34,4 млн тонна жүк тиісті жерге жеткізілген. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу