Соңғы төрт жылда күріш экспорты 28 пайызға өсті

1424

Соңғы төрт жылда  күріш экспорты 28 пайызға өсті

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласында тұрақты өсім бар. Сыртқы нарыққа шығарылатын экспорттың негізгі өнім түрлерін күріш пен балық құрайды. Тек соңғы төрт жылдың ішінде күріш экспорты 28%-ға, ал балық экспорты 8 есеге өсті, деп хабарлайды ortcom.kz.  

Жаңа нарыққа көшу барысында күріш шаруашылығы агроөнеркәсіп кешенінің негізгі экспорттық саласы болып саналады. Сыр саласының экспортта алар орны  44 %-ды құрайтын болады.

Үстіміздегі жылы ет экспортын қамтамасыз ету үшін халықаралық ветеринарлық талаптарға сай келетін ет комбинатын салу көзделуде. Оған қоса ет бағытындағы ірі қара мен қой экспорттау жоспарланған болатын. Соған сәйкес осы айда Иранға  тірілей 800 бас қой  жөнелтілуге дайын.

Өткен жылы бақша өнімдерін экспорттау жанданды.  Нәтижесінде шетелге 1 мың тонна өнім жөнелтілді. Биыл бұл көрсеткішті 2 мың тоннаға жеткізу көзделуде.

Қазіргі таңда облыста 64 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Олар 1325 жеке қосалқы шаруашылықтардың басын біріктіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу