Соңғы төрт жылда Павлодар облысының ауылдарынан 13 мыңға жуық адам көшіп кеткен

834

Соңғы төрт жылда Павлодар облысының ауылдарынан 13 мыңға жуық адам көшіп кеткен

Бүгін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Достық үйінде қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында 2016 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Өңірдегі өткір мәселелерді анықтау үшін мен өткен жылы барлық елді мекендерді аралап, бірнеше мәрте әкімдерді тыңдадым. Негізгі мәселелердің бірі – ауыл шаруашылықтарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету. Жыл сайын мұндай және басқа да кемшіліктердің салдарынан облыс ауылдарынан үш мыңға дейін тұрғын кетіп отырған. Соңғы төрт жылда ауылдық аймақтардағы адам саны 12 700-ге азайды. Биыл республикалық бюджет есебінен аталмыш бағыттағы 15 жобаны іске асыру үшін тоғыз миллиард теңге бөлінді. Бұл өз кезегінде ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейін 29 пайызға дейін көтереді. Сондай-ақ, облыстың барлық тірек ауылдарында әлеуметтік сала қызметкерлері үшін екі пәтерлі үйлер салынады", – деп атап өтті Болат Бақауов.

Аймақ басшысының айтуынша, бұдан бөлек ағымдағы жылы негізгі күштің барлығы инвесторларды тарту жұмыстарына бағытталмақ.     

"Біз қазіргі таңда халықаралық деңгейдегі инвесторлармен келіссөздер жүргізудеміз. Инвестицияның басым бөлігі аудан мен қалаға бағытталады", – деді Болат Бақауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу