Соңғы үш жылда 1,5 миллион шетел азаматына еңбек ету құқығы берілген

1300

Еңбек мигранттарының саны әсіресе, көктем-жаз кезінде өсе түседі.

Соңғы үш жылда 1,5 миллион шетел азаматына еңбек ету құқығы берілген

Бүгінде шетел азаматтарына еңбек ету құқығын беретін рұқсатнаманы алуды жеңілдету мақсатында көші-қон орталықтары "Бір терезе" қағидасымен жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы шетел азаматтарыың көптеп келуіне қолайлы жағдай қалыптастырып отыр. Тек соңғы үш жылдың ішінде ішкі істер органдары шетелдік еңбек мигранттарына Қазақстанда еңбек етуге 1,5 миллион рұқсатнама беріп, оны ұзартқан. Еңбек мигранттарының саны әсіресе, көктем-жаз кезінде өсе түседі", – делінген министрліктің хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, оның мерзімін қысқарту, жемқорлық тәуекелдерін жою және қолайлы жағдай жасау үшін құрылған Көші-қон қызметі орталықтарының қызметі бүгінде "бір терезе" қағидасымен ұсынылады.

"Көші-қон қызметі орталығында шетелдік төлқұжат пен көші-қон карточкасын ұсыну арқылы медициналық тексеруден, дактиласкопиядан өтеді, сақтандыруды рәсімдеп, мемлекеттік баж салығын төлейді, содан соң оған жұмыс жасауға рұқсатнама рәсімделеді. "Азаматтарға арналған үкімет" біріге отырып, еліміздің 14 өңірінде Көші-қон орталығы ашылды", – дейді ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Марат Қабденов. 

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы тұрғындарға 19,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның 16,5 миллионы – көші-қон мәселесі бойынша. Ал биылғы жылғы үш айының қорытындысы бойынша азаматтарға көші-қон мәселесіне байланысты 2 млн 777 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу