Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазақстанда түрлі мәселелерді шешкені үшін лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеу жағдайлары және алаяқтық жиілеп кетті.
"Соңғы үш жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтық фактілері бойынша 600-ден астам қылмыстық іс болған. 313 адам сотталды.
Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтарға, делдалдарға және пара беруге итермелеушілерге қатысты бірқатар қылмыстық істер бар", делінген агенттік хабарламасында.
Алаяқтарға берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 17 млрд теңгеден асады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу