Соңғы үш жылда Қазақстанға Қытайдан 200 мыңнан астам турист келген

680

Алматыда "Өнеркәсіптік кооперация" ІІ өңіраралық форумы өтуде.

Соңғы үш жылда Қазақстанға Қытайдан 200 мыңнан астам турист келген

Форумға Қытай Халық республикасы мемлекеттік кеңесі бірінші вице-премьері Хань Чжэнао бастаған делегация, экспорттық әлеуетін дамытуды жолға қойған қазақ-қытай бірлескен кәсіпорындарының өкілдері қатысып, екіжақты ынтымақтастықтың алғашқы келісімдерін бастап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Форумда сөз алған ҚР премьер-министрінің брінші орынбасары Әлихан Смайылов өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 11 пайызға өсіп 11,7 млрд долларды құрағандығын жеткізді. Бүгінде Қазақстанның Қытайға экспорты 15 пайызға өсіп, 6,3 млрд долларды құраса, импорт көлемі  8 пайызға өсіп 5,4 млрд АҚШ долларын құраған.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда 440 бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді.

Бүгінде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы әріптестік қатынастар да дамып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қытайға сапары барысында қол қойылған туризм аясындағы келісімдер нәтижесіне орай, соңғы үш жылда Қазақстанға Қытайдан 200 мыңнан астам турист келген. Ал өз кезегінде Қытайға 500 мыңнан астам қазақстандық барған. Іскерлік саласын дамыту мәселелері де кешенді жолға қойылып, Қытай бизнесмендерінің визалық келісімдері жеңілдетілген.

"Ал ары қарайғы ынтымақтастықты дамытуда өнеркәсіптік коооперацияны дамытудың әлеуеті зор", – деп атап өтті Әлихан Смайылов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу