Соңғы 3 жылда Маңғыстау облысына 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған

167

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Соңғы 3 жылда Маңғыстау облысына 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ағымдағы жылы өңірде жалпы құны 235 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба іске қосылып, 612 жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы үш жылда өңірге 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 3 млрд АҚШ долларына жетті.

2026-2032 жылдар аралығында өңірде экономиканың түрлі салаларында жалпы құны 10 трлн теңгеден асатын 55 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, нәтижесінде 8,8 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібі – 19 жоба, туризм – 9 жоба, көлік және қоймалау – 7 жоба, сауда – 4 жоба, басқа бағыттар – 16 жоба.

"Олардың ішінде ең негізгілері деп түркиялық "YDA Holding" компаниясының Ақтау әуежайы базасында мультимодальды логистикалық және авиациялық хаб салу жобасы мен аммиак-карбамид кешенінің құрылысын айтуға болады. Хаб салынғаннан кейін жолаушылар ағынын жылына 2,5 млн адамға дейін арттыру, жүк тасымалы көлемін жылына 100 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Ал екінші жоба аясында жылына 1,7 млн тонна химиялық өнім өндіріледі", – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Өңір басшысы инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасап, облыстың экономикалық дамуына жаңа серпін беруді жалғастыратынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу