Соңғы жарты жылда 57,5 мың неке қиылды

250

6 айда халықтың жалпы өсімі 125 867 адамды құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Соңғы жарты жылда 57,5 мың неке қиылды Фото: ашық дереккөзден

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам. 

2024 жылдың алты айында Қазақстанда 184,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 66,1 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 118,6 мың адамды құрады.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 24,80 адам), Түркістан (24,78) облыстарында және Шымкент қаласында (23,55) байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,77), Шығыс Қазақстан (11,36) және Қостанай облыстарында (10,16) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымымен байланысты жағдай.

Сонымен қатар, алғашқы жарты жылдың ішінде 57,5 мың неке қиылып, 18,6 мың ажырасу тіркелді.

2024 жылдың қаңтар-маусым айларында республикаға келгендер саны 14256 адамды, елден кеткендер саны 6967 адамды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 4,4%-ға, Қазақстаннан кеткендер саны 0,4%-ға азайды. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 78,2%, осы елдерге кеткендердің үлесі 77% құрады.

Ел ішіндегі көші-қон 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе артты. Өңіраралық қозғалыстар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы еліміздің 4 өңірінде: Астана (29305 адам), Алматы (15750 адам), Шымкент (4562 адам) қалаларында және Алматы облысы (1258 адам) байқалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу