Соңғы жылдары бір бөлмелі пәтерлердің үлесі артқан – Айдос Сарым

221

Қалаларда бір және екі бөлмелі пәтерлер жиі салынады.  

Соңғы жылдары бір бөлмелі пәтерлердің үлесі артқан – Айдос Сарым Фото: Квартирный вопрос

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым баспана салғанда демографиялық саясат ескерілуі керек екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, құрылыс нарығы – қазіргі қоғамның бет-бейнесі. 

"Кеңес заманына қарағанда қазір құрылыс қарқын алды, халықтың тұрғын үймен қамтылуы да жақсарған. Басқа көрсеткіштер де жаман емес. Статистикаға көз жүгіртсек, соңғы 15-20 жылда баспана салуда 2-3 және одан көп бөлмелі пәтерлерге басымдық берілген. Ал қазір қалаларда салынып жатқан пәтерлердің дені – бір және екі бөлмелі. Соңғы 10-15 жылда бір бөлмелі пәтерлердің үлесі артқан деуге келеді. Осы жағдайдан соң әлеуметтік және демографиялық саясатқа қатысты сұрақтар туындайды", – деді Айдос Сарым.

Депутат құрылыс нарығы демографиялық жағдайды қаншалықты ескереді деп мәселе көтерді.

"Демографиялық болжам жасау орталығы Ұлттық статистика бюросының базасында құрылады. Демографиялық болжамдарға қатысты статистика барлығына қолжетімді. Құрылыс саласына жауапты органға бұл мәліметтерді кез келген уақытта беруге дайынбыз", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі. 

Мәжілісмен құрылыс саласында демографиялық саясат ескерілуі керек деген пікірде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу