Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында өткен Мысырдағы турнирде финалист атанды

390

Каир қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors J300 турнирі мәресіне жетті.  

Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында өткен Мысырдағы турнирде финалист атанды Фото: ktf.kz

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 105-орында тұрған қазақстандық Соня Жиенбаева табысты өнер көрсетіп, жекелей және жұптық сында финалға дейін жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

С.Жиенбаева жекелей сында соңғы бәсекеде ғана Польша өкілі Моника Станкевичке (27 ITF Juniors) 4:6, 6:1, 4:6 есебімен есе жіберді. Ал жұптық сында тағы бір қазақстандық Асылжан Арыстанбековамен бірге финалда ресейліктер Дарья Егорова – Юлия Перепахинаға жол берді – 3:6, 1:6. 

Соня мен Асылжан Мысырда қалады. Олар осы аптада бірінші санаттағы J500 жарысында бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу