Сонымен Боранбаев не жоғалтты

552

Білім беру қорына 30 млрд теңге аударды.

Сонымен Боранбаев не жоғалтты Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетіліп, бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бұған дейін кәсіпкер мемлекетке миллиард теңге мен ондаған бизнес-активін өткізген болатын. Inbusiness.kz Боранбаевтың бостандыққа шығу жолында қанша дүние-мүлкін шығындағанын санап көрді.

– Кәсіпкер бұған дейін құны 1 млрд 400 млн теңге болатын қонақ үй кешенін мемлекетке қайтарды;

– Білім беру қорына 30 млрд теңге аударды;

– құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені;

– сауықтыру және фитнес желісін;

– құны 35,4 млрд теңге болатын "Қаражанбас Северный" кен орнын;

– құны 14 млрд теңгеге жуық газ тасымалдаумен және сатумен айналысатын "Азия Газ Чунджа" газ таратушы компаниясын;

–9 млрд теңге болатын "Сервисный Центр КазТурбоРемонт" ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауытын мемлекетке тапсырды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу