Сооронбай Жээнбеков Елбасыға көпқырлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі

580

Қырғызстан Президенті Қазақстанның сәтті дамуы және оның халқының әл-ауқатының өсуі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін атап өтті.

Сооронбай Жээнбеков Елбасыға көпқырлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі Фото: akorda.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елбасының реми сайты.

Сооронбай Жээнбеков Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және көпқырлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Қырғызстан Президенті Қазақстанның сәтті дамуы және оның халқының әл-ауқатының өсуі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін, ал Ұлт көшбасшысының тәжірибесі мен беделі өңірдегі интеграциялық үдерістерді дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Елбасы С.Жээнбековке құттықтауы үшін алғысын білдіріп, екі бауырлас ел арасындағы тарихи тұрғыдан қалыптасқан тату көршілік қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу