Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға алғыс айтты

735

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.  

Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға алғыс айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастардың қазіргі ахуалын және оны одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің 2019 жылғы қарашада Қырғыз Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру қажеттігі айтылды.

Тараптар кеден бекеттеріндегі жүк тасымалы рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрлық технология саласы бойынша ықпалдастық орнату мәселесін қарастырды.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Ухань (ҚХР) қаласынан қырғыз азаматтарын эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу