Сооронбай Жээнбеков телефонмен сөйлесу барысында Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

645

Телефонмен сөйлесуге Қырғыз Республикасы ниет танытқан.  

Сооронбай Жээнбеков телефонмен сөйлесу барысында Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Әңгіме барысында Сооронбай Жээнбеков Елбасына тезірек сауығып, қазақ халқының игілігі үшін қызметін жалғастыруын тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президентіне жылы сөздері үшін алғыс білдіріп, әрі қарай бауырлас мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас нығая түсетініне сенімді екенін айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу