Халыққа есеп беру кездесуінен кейін министр журналистердің сұрақтарына жауап берді. Тілшілердің бірі "Сoronavirus2020.kz" сайтына қанша ақша жұмсалғанын сұрады.
"Ол сайттағы ақпарат басқа мәлімет көздерінде де шығып жатады. Оны ұстаудың қажеттілігі қанша?" – деп сұрады тілшілердің бірі.
Бұл сұраққа жауап берген министр елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы күнделікті ақпарат беретін бір сайттың болуын орынды деп есептейтінін жеткізді.
"Сoronavirus2020.kz" сайты жұмыс істеп тұр. Телеграм арнасында да жазылушылар көп – 240 мың адамнан асады. Яғни бұл ақпарат көзінің маңыздылығын осыдан ұға беріңіз. Әлбетте, ресурстардың бәрі де сол жерден ақпарат таратып келеді. Сома туралы айтар болсақ, білуімше, осы сайтты жүргізу үшін 30 миллион теңгедей ақша кетті", – деді Аида Балаева.
Аян Бекенұлы