Көлік нөміріне тапсырыс бергенде қандай әріптерді таңдауға болмайтыны анықталды

166

Бұл тіркестер сөйлеу мәдениетіне жат, айтуы мен оқылуы жағымсыз деп танылған сөздер. 

Көлік нөміріне тапсырыс бергенде қандай әріптерді таңдауға болмайтыны анықталды Фото: Алексей Старков

2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда көлік жүргізушілері сұранысы жоғары, қайталанатын немесе бірдей цифрлары бар мемлекеттік нөмірлермен қатар, VIP санатына жатпайтын кез келген цифрлық-әріптік комбинацияға тапсырыс бере алады. Алайда кейбір әріп тіркестерін қолдануға қатаң тыйым сақталады, деп жазады inbusiness.kz сайты Kolesa.kz порталына сілтеме жасап.

2018 жылдан бері елде Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Тілдерді дамыту комитетінің шешімімен мемлекеттік нөмірлерде қолдануға болмайтын әріптік комбинациялар тізімі бекітілген. 

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша жеке тұлғаларға мынадай әріптік белгілеулері бар мемлекеттік нөмірлерді беруге тыйым салынған:

GEI, GEY, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, ISK, GOS, IIN, QYS, JUN, BOQ, SIK, SYK, QOR, QAS, QOI, JOI, JYN, HUI, XUI, HUY, HYI, XUY, QUL, QAN, JUT, QYQ, TYQ, JMI, GAI, VOR, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, LOH, LOX, IOX, IOH, COX, KOX, AAM, AMM, BOK, CEX, FBP, FBR, HER, KAL, KOT, MAL, OON, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK.

Айта кетейік, қазіргі таңда әдеттегі бос мемлекеттік нөмірді таңдау үшін 2,8 айлық есептік көрсеткіш, яғни 12 110 теңге төленеді.

Ал VIP-нөмірлердің құны 15 пен 285 АЕК аралығында, нақтырақ айтқанда 64 875 теңгеден 1 232 625 теңгеге дейін барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу