"SOS сигналын жіберген": Алматыда 34 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

1341

Ол 5 күннен бері іздестіріліп жатыр.

"SOS сигналын жіберген": Алматыда 34 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті Фото: Жоғалған адамның туыстарының мұрағатынан

Алматыда 29 қарашада ер адам түнде үйінен шығып, жоғалып кеткен. Әйелінің айтуынша, оған Талғардан SOS сигналы келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғалған 34 жастағы алматылық Тимур Поповтың әйелі күйеуінің 30 қарашаға қараған түні жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін айтты.

Әйел полицейлердің геолокация деректерінде көрсетілген жерге барғанын, бірақ бұл жерден күйеуінің ізі табылмағанын атап өтті. Сондай-ақ, ол ер адамның Талғарға не үшін барғанын түсінбейді. Онда достары бар, бірақ олар оны көрмеген.

Ер адамды іздеу бес күннен бері жалғасып жатыр. Ер адам қара күрте, көк джинсы шалбар және сары аяқкиім киген.

Белгілері: бойы 183 сантиметр, шашы қара, ағарған, сақалы бар, көзі қоңыр.

Ер адам туралы мәлімет білетіндерден полицияға немесе +7 701 768 9368 нөміріне хабарлас сұралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу