Сот "Qazaq Banki" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады

888

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні Ұлттық банк банктің тарату комиссиясын тағайындайтын болады.

Сот "Qazaq Banki" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады

2018 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Qazaq Banki" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. Үшінші тұлғалар тарапынан сот актісіне шағымдану болмаған кезде шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап 30 күн ішінде шешім заңды күшіне енеді, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні Ұлттық банк банктің тарату комиссиясын тағайындайтын болады.

"Qazaq Banki" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚДКҚ жұмыс істеп тұрған қазақстандық банктердің қайсысы ақы төлеу бойынша агент ретінде "Qazaq Banki" АҚ-тың салымшыларымен жұмыс істейтінін және салымшылармен есеп айырысуды бастайтынын жариялайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл қаржылық жағдайы тұрақты, бүкіл ел бойынша салымшыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретіндей филиал желісі мен инфрақұрылымы кеңінен тараған банк болады. Бұл банк ҚДКҚ-ның атынан және оның қаражаты есебінен "Qazaq Banki" АҚ-тың салымшыларымен жұмыс істейтін болады.

ҚДКҚ таңдалған агент-банкті жариялағаннан кейін салымшыларға кепілдік берілген өтемақыларды төлеу өтінішімен атаған банктің бөлімшесіне өтініш білдіру керек. Агент-банк оған құжаттар түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейтін болады.

Айта кетсек, Ұлттық банк 2018 жылғы 25 қыркүйекте Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "Qazaq Banki" АҚ мен "ЭксимБанк" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы, 2018 жылғы 15 қазанда "Астана банкі" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз берген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу