Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық соты мұнай ұрлығына қатысы бар "Төрт ағайынды" ұйымдасқан қылмыстық тобының 26 мүшесіне үкім кесті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ ұрлықпен тапқан дүние-мүлкі тәркіленеді. Ал оның серігі Аухат Қалиев 11 жылға сотталды. Қылмыстық топты жасыруға тырысқан облыстық ІІД басшысының бұрынғы орынбасары Рахан Аханов 5 жыл және 3 ай арқалады. Сонымен қатар мемлекеттік органдарда басшылық қызметтерді атқара алмайды.
Ал өзгелеріне 2 мен 11 жыл аралығында жаза кесілді.
Айта кетсек, аталған топқа қатысы барлар 2016 жылы желтоқсанда Қазақстанның батыс облыстарында арнайы операция жүргізу барысында ұсталған еді.