Бишімбаев ісі: Сот алқасы судьяны ауыстыру туралы өтінішті қанағаттандырмады

335

Істі әрі қарай Айжан Құлбаева жалғастыра береді.  

Бишімбаев ісі: Сот алқасы судьяны ауыстыру туралы өтінішті қанағаттандырмады Фото: видео скриншот

Сот алқасы Бишімбаев адвокаты Ерлан Ғазымжановтың судья Айжан Құлбаеваны соттан шеттету туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өз әйелін өлтірді деген айыппен сотқа тартылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судьяны ауыстыруды талап еткен еді. Осыдан соң албилер сот залынан шығарылып, кеңес өткізілді. Сот алқасы бұл өтінішті қанағаттандырмады. Істі әрі қарай Айжан Құлбаева жалғастыра береді. 

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты судьяны істен шеттетуді талап еткені айтылған еді. 

Бишімбаев ісі бойынша тікелей трансляция қайта қосылды, сотта Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтан жауап алу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу