Сот Әлтаевты Президентікке үміткер ретінде ұсыну туралы хаттаманы жарамсыз деп таныды

641

Сот шешімі заңды күшіне әлі енбеді.

Сот Әлтаевты Президентікке үміткер ретінде ұсыну туралы хаттаманы жарамсыз деп таныды Фото: aikyn.kz

Астана қаласының Байқоңыр аудандық соты "Мұқалмас" РҚБ отырысының Нұржан Әлтаевты президенттікке үміткер ретінде ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талап-арызды қанағаттандырды, деп жазады inbusiness.kz Астана қалалық сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сот республикалық қоғамдық бірлестіктің жалпы жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Ақпаратқа сәйкес, талапкерлер өз талап-арызын 2022 жылғы 6 қазандағы республикалық қоғамдық бірлестік жиналысының қорытындысы бойынша Ә. және оған жақын адамдар РҚБ-ның басқа мүшелерінің көмегімен РҚБ мүшелерінің дауыс беруінің бейнежазбасын негіздемеге қоса бере отырып, Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге өз еркімен Ә.-нің кандидатурасын беруге ниеттеніп, дауыс беру қорытындысы мен хаттаманы бұрмалап жібергеніне негіздеген.

Сот жалпы жиналыста Әлтаевтың кандидатурасын 6 адам қолдағанын, ал 11 адамның қарсы дауыс бергенін анықтады.

"Жалпы жиналысты өткізу кезінде РҚБ мүшелерінің көпшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында РҚБ атынан кандидат ретінде Ә.-ның ұсынылуына "қарсы" дауыс берді", - деп жазылған ақпаратта.

Сот жалпы жиналыс хаттамасы РҚБ Жарғысының 31 және 33-тармақтарының талаптарына қайшы келіп шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді. Айта кету керек, "Мұқалмас" РҚБ Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын жарамсыз деп тануды сұрап, сотқа жүгінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу