Сот Asia Credit Bank-ке шығын келтірген кәсіпкерді 1,5 жылға бас бостандығынан айырды

Олар банкке келтірілген шығынды өтеуі керек.

Сот Asia Credit Bank-ке шығын келтірген кәсіпкерді 1,5 жылға бас бостандығынан айырды Фото: adyrna.kz

Алматының Алмалы аудандық соты кәсіпкер Орифжан Шадиевті Asia Credit Bank-ке 16,7 млрд теңге шығын келтіргені үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырды. 

2019 жылдың 22 сәуірінде Орифжан Шадиев Asia Credit Bank-тің иесімен банк акцияларын сатып алу туралы келісім жасасқан. 

Бірақ, ол келісім бойынша 5 компанияның несиесін өтеуі қажет болған. Шадиев қарыздық міндеттемелерді (16,7 млрд теңге) өз мойнына алуға келісіп, акцияларды сатып алған. 

Алайда, Орифжан Шадиев көмекшісі Михаил Соловьевпен бірге банкке кепілзат ретінде қойған жер учаскесі қате бағаланған. Құжатта көрсетілген құнына сәйкес келмейтін болып шықты. 

Шадиев пен Соловьев жеті жер учаскесін банк кепілінен алып тастау туралы шешім қабылдап, өтімді активтердің орнына өтімділігі төмен, банктің несиелік және кепіл саясатының талаптарына сәйкес келмейтін No2063А жер теліміне ауыстырған.

"Asia Credit Bank лицензиясынан айырылғаннан кейін тарату комиссиясы бұл заң бұзушылықты анықтады. Орифжан Шадиевті банктің қиын қаржылық жағдайын біле тұра жалған құжаттар арқылы кепілзаттың нарықтық құнын негізсіз өсірген. Осылайша, кәсіпкер мен оның көмекшісі банктің тарату комиссиясына 16,7 млрд теңге мүліктік залал келтірген", – деді сот. 

Орифжан Шадиев пен Михаил Соловьев кінәсін жартылай мойындады. Кәсіпкер кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға, көмекшісі 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот оларды банкке келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу