Сот Бақауовты қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды

870

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты.  

Сот Бақауовты қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды

Павлодар облысының экс-әкіміне қатысты аппеляциялық қаулыға шағымдану мүмкін емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Бақауовқа қатысты қаулысы өзгеріссіз қалды, ал жеке қорғаушылардың шағымы – қанағаттандырылмады", – деп мәлімдеді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Әнел Құсанова.

"Аппеляциялық қаулы жарияланған күннен бастап, яғни 2020 жылдың 22 қаңтарынан өзінің заңды күшіне енеді және ол шағымдануға, прокурордың өтініші арқылы қайта қарауға жатпайды", – деді облыстық сот өкілдері. Естеріңізге сала кетсек, Болат Бақауов екі айға қамауға алынды. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 362 бап, Төртінші бөлімі үшінші тармағы – лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша айып тағылып отыр. Істі ҚР Бас прокуратурасы бақылауына алды.

Осыған дейін Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ұсталып, оған қылмыстық іс қозғалғаны және екі айға қамауға алынғаны туралы хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу