Сот Бақытбек Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды

1326

Сот Бақытбек Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды

Бүгін Талдықорған қаласында өтіп жатқан Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Берікжан Байжүнісов Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімін жария етті. Судья Бақытбек Есентаевқа қатаң режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Есентаевқа қатысты қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде, алқа билердің қатысуымен өткен болатын. Өзінің көлігінде жұбайын зорлап, бірнеше жерден пышақтаған Бақытбек Есентаев бірнеше қылмыстық бап бойынша айыпталуда. Ол ҚР ҚК-нің 24-бап 3-бөлімі, 99-баптың 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-баптың 1-бөлімі (зорлау) 121-баптың 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша айып тағылған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу