Сот Біртанов пен Әбішевке қатысты қылмыстық істі тоқтатудан бас тартты

740

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы №2 соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен экс-вице-министр Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық істі тоқтатудан бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сот Біртанов пен Әбішевке қатысты қылмыстық істі тоқтатудан бас тартты

Cудья Ибрагим Әлкенов қорғаушылардың қылмыстық істі прокуратураға қайтару және бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қабылдаған жоқ.

Басты сот отырысы 26 мамырда өтеді.

Еске сала кетсек, Елжан Біртанов және Олжас Әбішев хорватиялық Ericsson Nicola Tesla компаниясы құрған Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктелуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу