Сот Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күнін белгіледі

1410

Алдын ала тыңдау 11 наурызда өтеді.

Сот Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күнін белгіледі Фото: azh.kz

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау уақыты белгіленді. Бұл туралы "Сот кабинетінің" деректерінде жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала тыңдау дүйсенбі, 11 наурызда өтеді. Бұған дейін жазғанымыздай, істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарайды.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы – “Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру”;

- ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы – “Кінәліге материалдық жағынан тәуелді адамға жасалған жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы дене және психикалық зардап келтіру”.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу