2018 жылдың 13 ақпанында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Delta Bank" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚДКБҚ баспасөз қызметі.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) "Delta Bank" АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлейді. Банктің клиенттері – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өтемді алуға құқылы.
Кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің сомасы шамамен 130 миллион теңгені құрайды. Өтемді алуға құқығы бар клиенттер – жеке тұлғалар саны – 2 239 адам.
Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатынан жүзеге асырылатын болады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы 571,6 миллиард теңге.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        