Сот депутат Руслан Берденовті букмекерлерден қорғап қалды

326

Шешімді Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сот депутат Руслан Берденовті букмекерлерден қорғап қалды Фото: коллаж inbusiness.kz

Сотта "Қазақстан Букмекерлер Ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігінің депутат Руслан Берденовке қарсы, оның мәліметтерін жалған деп тану және бұл ақпараттың заңды тұлғалардың іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп бағалау туралы талабы қаралды.

Талап қоюшылардың айтуынша, депутат азаматтардың құмар ойындарға жұмсаған қаржысы жайлы бірнеше мәрте жалған ақпарат таратқан.

Алайда сот шешіміне сәйкес, жарияланған материалдарда Ассоциация мен оның мүшелерінің іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін нақты деректер болмағандықтан, талап қанағаттандырылмады. 

“Даулы басылымдарда Ассоциация мен оның мүшелерінің іскерлік беделі төмендеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат болмағандықтан, сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты. Жарияланымдарда бағытталған нақты мекен-жай көрсетілмеген. Филологиялық-психологиялық сараптама қорытындысы бойынша Ассоциация мен оның мүшелеріне қатысты теріс ақпарат жоқ екені анықталды”, – делінген сот хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу