Сот Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты істі прокурорға қайтарды

1226

Судья оларға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сот Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты істі прокурорға қайтарды

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы №2 аудандық соты бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның экс-орынбасары Олжас Әбішевтің ісін прокурорға қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 28 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы №2 аудандық соты Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық істі алдын ала тыңдау нәтижесі бойынша қылмыстық процестік заңнаманың бұзушылықтарын жою үшін прокурорға қайтарды", – деп жазылған хабарламада.

Сот сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуші органның іс бойынша басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін заңды бұзуға жол бергенін анықтады.

"Қылмыстық процестік кодекстің 297 бабының 7-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс сотқа прокурормен шағымды шешкенге дейiн  жiберiлмеуі тиiс. Нақты жағдайда тергеу уақытында қорғаушылардың шағымдары шешілмеген", – деп жазылған хабарламада.

Елжан Біртанов пен оның қорғаушыларының қылмыстық істі қысқарту бойынша өтініштері сотпен қараусыз қалдырылды. Себебі мұндай өтініштер іс сот өндірісіне қабылданғаннан кейін және басты сот талқылауы барысында ғана қаралады.

Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Бұлтартпау шарасы бір айға ұзартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу