Сот Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берді

740

7 айдан бері қамауда отырған Елжан Біртановқа енді үйінен шығуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Сот Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берді

Алайда, ол тек жұмысына ғана барып-келе алады. Бүгін экс-министрге қатысты бұлтартпау шарасының мерзімін өзгерту жайын қарастырған сотта судья осындай шешім шығарды. Дегенмен, Біртановты үй қамақта ұстау санкциясы 14-мамырға дейін ұзартылды.  Бұған дейін оған туыстарын айтпағанда, адвокаттарымен де бетпе-бет жүздесуіне шектеу қойылып келді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу