"Шыққаныма 1,5 ай болды": Атырау сотында үкім жарияланған соң айыпталушы білегін тілгілеп тастады

382

Сотталушыға медициналық көмек көрсетіліп, кейін тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шыққаныма 1,5 ай болды": Атырау сотында үкім жарияланған соң айыпталушы білегін тілгілеп тастады Фото: sud-atiyrau.yaturistic.ru

Оқиға Атырау облыстық сотының ғимаратында 31 мамыр күні сағат 12:30 шамасында болған.

"Мен шаршадым, қайта-қайта қамауға алындым, шыққаныма бір жарым ай болды, әділетсіздік жоқ, мен өзімді өлтіремін", – деген сотталушы сот үкімі шыққан соң.

Сотталушы біраз уақыт полицейлерді өзіне жақындатпаған. Кейін облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Сотталушы өз-өзіне қол жұмсауға оқталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотталушыға медициналық көмек көрсетілді. Содан соң тергеу изоляторына оқшауландырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу