Сот Гонконгтегі қақтығыстарда ұсталған қазақстандық студентті кепілдікпен босатты

657

Ол сот шешіміне сәйкес 26 ақпанда өтетін келесі отырысқа дейін оқу орнының кампусында анасымен бірге тұратын болады.

Сот Гонконгтегі қақтығыстарда ұсталған қазақстандық студентті кепілдікпен босатты

Бұл уақытта Гонконгте наразылық шаралары кезінде ұсталған қазақстандық студент Әбілқайыр Нұқпи кепілдікпен босатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

19 жастағы отандасымыздың құқығын сотта өзі оқитын Баптист университеті ұсынған заңгерлер қорғаған. Енді ол сот шешіміне сәйкес 26 ақпанда өтетін келесі отырысқа дейін оқу орнының кампусында анасымен бірге тұратын болады. Дегенмен, тағайындалған комменданттық сағатты сақтауға тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, отандасымыз 18 қарашада жаппай шерулерге қатысқаны үшін тұтқындалған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу