Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты

822

Соттың шешімімен Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 21 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты Фото: egemen.kz

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 20 қаңтардағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. 2023 жылдың 21 наурызына дейін қамауда отырады" - делінген соттың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Қайрат Құдайберген ел арасында "Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге Қаңтар оқиғасы кезінде тұрғындарды жинады деген күдікпен тергеліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу