Сот Қайрат Сатыбалдыұлын қамауға алуға санкция берді

1219

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды елордаға жеткізіліп, 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.

Сот Қайрат Сатыбалдыұлын қамауға алуға санкция берді

"2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді", – деп жазылған ресми хабарламада.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуге қатысты мәліметтерді жариялауға болмайды.

Айта кетейік, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы ақпарат таратқан еді. Ол "Қазақтелеком" АҚ қаражатының аса ірі көлемін жымқырған деген күдікке ілігіп отыр. 

Күдікті Алматы облысы аумағында ұсталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу