Сот қалыңмалды қайтару туралы түскен арызды қараудан бас тартты

1502

Арыз-талап иесі ішік (шуба), зергерлік жиынтық, костюм сынды бағалы заттарды қайтарып беруді сұраған. Бұл бағалы заттарды сырға салу рәсімінде берген.

Сот қалыңмалды қайтару туралы түскен арызды қараудан бас тартты

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Талапкерлер мен жауапкердің балалары ресми некеде тұрған. Неке 2021 жылдың сәуірінде бұзылды.

Сот талап арызды қараудан бас тартты. Бағалы заттар сыйлық ретінде берілді деген қорытындыға келді. Қайтаруға негіз жоқ деп есептейді.

“Ырымдық іс-шаралар кезінде берілген мүлікті қайтару талабы заңнамада көзделмеген, сонымен бірге тараптар арасында қандай да бір міндеттемелер туындаған жоқ”, - деп жазылған ақпаратта.

Фото: bugin.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу